KMF-Депозит

Сіздің сенімді табысыңыз

ЖТСМ 15,5%

Срочный

<p>Қолжетімділік</p>

Қолжетімділік

Банкке бармай 24/7

<p>Сенімділік</p>

Сенімділік

Кепілдендірілген сома 10 000 000 KZT

<p>Басқару</p>

Басқару

Барлық операция - онлайн

<p>Салым валютасы</p>

Салым валютасы

теңге (KZT)

Салымға кепілдік беру

Максималды кепілдендірілген сома - ұлттық валютадағы мерзімді депозиттер/шоттар бойынша 10 миллион теңге


Салымшының бір уақытта теңгеде, сонымен қатар шетел валютасында екі және бірнеше депозиті/шоты болса, кепілдендірілген өтем сомасы 20 миллион теңгені құрайды.


Шетел валютасындағы депозит/шот бойынша кепілдендірілген өтем сомасы қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан айырылған күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша балама сомада төленеді.  

Салымға кепілдік беру

Депозит шарттары

Салым валютасытеңге
Салым мерзімі13 ай
Минималды салым сомасы1 000 теңге
Максималды салым сомасы2 000 000 000 теңге
Сыйақы мөлшерлемесі14,4% (ЖТСМ 15,5%)
Толықтыруқарастырылған, 2 млрд теңгеге дейін
Ішінара алуқарастырылған, 1 000 теңгеге дейін
Сыйақы төлеуАй сайын/депозит мерзімінің соңында
Ұзарту Осы депозитке ақша қабылданғанға дейін шектеусіз
Мерзімінен бұрын бұзуқарастырылған

Сұрақтар мен жауаптар

Депозитті қалай ашады?

Сіз депозитті "KMFBank" мобильді қосымшасында “Депозиттер” бөлімінде немесе Банктің кез келген бөлімшесіне барып аша аласыз. 


KMF Банк бөлімшесінде депозит ашу үшін жеке куәлік қажет. Сіз жеке куәліктің түпнұсқасын немесе EGOV қосымшасы немесе мемлекеттік қызметтерге рұқсаты бар кез келген банк қосымшасы арқылы электрондық жеке куәлікті көрсетсеңіз болады.

Депозитті қалай толықтырады?

Депозитті толықтыру жолдары:                                                                                                                                

•  KMF Банк бөлімшелеріндегі өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы;

•  KMF Банк бөлімшелерінде касса арқылы қолма-қол ақшамен;

•  "KMFBank” мобильді қосымшасында өз шоттары арасында аудару;

•  басқа банктерде ашылған сыртқы шоттардан аудару.

Депозит бойынша сыйақы қалай есептеледі?

Сыйақы бір айдағы нақты күндер саны мен бір жылда 365 күн негізінде есептеледі. 


Бір айдағы сыйақы номиналды мөлшерлеме негізінде есептеледі. Депозит бойынша сыйақы күнделікті қалдыққа есептеледі және айына бір рет төленеді/капиталдандырылады:

 - салымшының ағымдағы шотына төленеді;

 - капиталдандырылады және депозит мерзімінің соңында төленеді.

Депозитті капиталдандыру дегеніміз не?

Бұл есептелген пайыздардың қосылуы есебінен депозит сомасының ай сайынғы ұлғаюы. Осылайша депозиттегі сома өседі, ал кейінгі есептеулер ұлғайған сомаға жүргізіледі.

Тиімді және номиналды мөлшерлеме дегеніміз не?

Номиналды мөлшерлеме — ай сайынғы сыйақы есептелетін мөлшерлеме.


Тиімді мөлшерлеме — номиналды мөлшерлемені және капиталдандыруды (депозит сомасына есептелген пайыздарды қосуды) қамтитын жиынтық төлем.   Бұл келесі толтыру кезінде банк пайыздарды ұлғайтылған сомаға есептейді дегенді білдіреді.  

Депозиттен ақшаның бір бөлігін қалай алуға болады?

Минималды сома — 1 000 теңге сақталған жағдайда, ақшаны ішінара алуға рұқсат етіледі.

Ақшаны депозиттен бірнеше тәсілмен алуға болады:                                                                           

• "KMFBank” мобильді қосымшасында өз шоттары арасында аудару арқылы;

• KMF Банк бөлімшесінде касса арқылы;


Депозитті Банк бөлімшесінде касса арқылы қолма-қол ақшамен алғанда комиссия алына ма?

Егер ақша депозитте күнтізбелік 15 күннен көп сақталса, комиссия алынбайды. Егер күнтізбелік 15 күннен аз сақталса, комиссия банк тарифтеріне сәйкес алынады.

Депозит бойынша операция жүргізгеннен кейін ондағы қалдық соманы қалай білуге болады?

Депозит бойынша қалдықты және барлық операцияны "KMFBank” мобильді қосымшасында білуге болады.

Депозит мерзімін ұзарту шарттары қандай?

Депозиттің мерзімі оның мерзімін ұзарту сәтінде депозиттің осы түрі бойынша KMF Банк-те қолданылатын мерзімге және сыйақы мөлшерлемесі бойынша автоматты түрде ұзартылады.   

Депозиттің алдыңғы мерзімінде капиталдандырылған сыйақының сомасы депозиттің негізгі сомасын ұлғайтпайды және салымшының ағымдағы шотына төленеді.

Бірден бірнеше депозит ашуға бола ма?

Иә, клиент депозиттердің қалаған санын аша алады.

Банк депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатыса ма?

Иә,  KMF Банк «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі - ҚДКБҚ) депозиттерге кепілдік берудің (сақтандырудың) мемлекеттік жүйесіне қатысушы болып табылады.

Депозиттерге кепілдік беру сомасы қандай?

ҚДКБҚ кепілдік беретін максималды сома: 

• ұлттық валютадағы карталар, шоттар және депозиттер бойынша 10 000 000 теңгеден аспайды


Депозитті мерзімінен бұрын жабуға бола ма?

Иә Банктік салым шартында банктік салым шартын мерзімінен бұрын бұзу көзделген.

 Салымшы депозит бойынша басқа адамға сенімхат рәсімдей ала ма? Ол үшін не қажет?

Иә, депозит бойынша сенімхатты нотариус рәсімдейді, содан кейін салымшы және сенім білдірілген тұлға KMF Банкке сенімхаттың түпнұсқасын және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынады. Болашақта салымшының қатысуынсыз депозит бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде сенім білдірілген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты және сенімхаттың түпнұсқасын көрсетеді.

Менің депозитіме не себепті тыйым салынғанын қалай білуге болады?

Клиенттің депозитіне үш негізгі себеп бойынша тыйым салынуы мүмкін:

1. Мемлекеттік органдар алдында міндеттемелерді орындамау (мысалы, салықтар бойынша берешек); 

2. Мерзімі өткен кредит немесе банктер алдындағы басқа міндеттемелер; 

3. Сот қаулысы

Шотқа тыйым салу туралы нақты ақпаратты мемлекеттік органдардың сайтынан алуға болады (салық берешегі туралы мәліметтер, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлердің тізілімі)

Салымшыға тыйым салынған депозиттен ақша алуға және толықтыруға бола ма?

Клиент өз депозитін толықтыра алады, бірақ шығыс операциялары тыйым салуды алып тастағаннан кейін мүмкін болады.  

Салымшы тыйым салынған депозитті жаба ала ма?  

Клиент өз депозитін толықтыра алады, бірақ шығыс операциялары тыйым салуды алып тастағаннан кейін мүмкін болады.  

Салымшы депозитті Банк бөлімшесіне бармай-ақ жаба ала ма?

Депозитті екі тәсілмен жабуға болады:

"KMF Bank” мобильді қосымшасында "Менің банкім” бөлімінде депозитті таңдаңыз, "Депозитті жабу” батырмасын басып, экранда берілген қадамдарды орындаңыз.

KMF Банк бөлімшесінде депозит жабу үшін жеке куәлік қажет. Сіз жеке куәліктің түпнұсқасын немесе EGOV қосымшасы немесе мемлекеттік қызметтерге рұқсаты бар кез келген банк қосымшасы арқылы электрондық жеке куәлікті көрсетсеңіз болады. Шотты жабу туралы өтінішке қол қойғаннан кейін менеджер депозитті жабады және депозиттегі ақшаны сіздің KMF Банктегі ағымдағы шотыңызға аударады.


Депозит бойынша анықтаманы қалай алуға болады?

Депозит бойынша анықтаманы алу жолдары:

"KMF Bank” мобильді қосымшасында "Менің банкім” бөлімінде депозитті таңдаңыз, , "Өзге" жолында "Құжаттар мен анықтамалар"  => Анықтамалар таңдап, қажетті тілді көрсетіңіз, құрастырылған анықтаманы жүктеп алыңыз. 

KMF Банк бөлімшесінде анықтама алу үшін жеке куәлік қажет. Сіз жеке куәліктің түпнұсқасын немесе EGOV қосымшасы немесе мемлекеттік қызметтерге рұқсаты бар кез келген банк қосымшасы арқылы электрондық жеке куәлікті көрсетсеңіз болады.