- KMF •
- Жаңалықтар •
-
Хабарлама микроқаржы ұйымының ерікті түрде қайта құрылып, банкке айналғаны туралы
Хабарлама микроқаржы ұйымының ерікті түрде қайта құрылып, банкке айналғаны туралы
Құрметті Клиент, «KMF Банк» акционерлік қоғамы (әрі қарай мәтінде «KMF») бізді серіктес ретінде таңдағаныңыз үшін алғысын білдіреді және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 32-бабының 6-тармағына сәйкес, Сізге микроқаржы ұйымының банкке айналып ерікті түрде қайта құрылғанын хабарлайды.
Сізге Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген банк операцияларын жүргізуге құқық беретін №1.1.120 лицензияның 2025 жылғы 12 тамызда алынғанын хабарлаймыз. Аталған лицензия негізінде «KMF Банк» келесі банк операцияларын (ұлттық және (немесе) шетел валютасында) жүзеге асыруға құқылы:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны қабылдау және беру, оның ішінде ұсату, айырбастау, қайта санау, сұрыптау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдары бойынша тапсырысын орындау;
- банктік қарыз беру операциялары: ақшалай түрде ақылылық, мерзімді және қайтарымды шарттармен несие беру;
- шетел валютасымен айырбастау операциялары, оның ішінде қолма-қол шетел валютасымен операциялар жүргізу;
- ақша түрінде орындалуды көздейтін банк кепілдіктерін беру.
Қайта құрылуына байланысты KMF төлем деректемелерінің өзгергенін хабарлағымыз келеді, осыған байланысты есептік операцияларды рәсімдеу және жүргізу кезінде жаңа деректемелерді ескеруді сұраймыз:
«KMF Банк» акционерлік қоғамы
Адрес: 050004, Республика Казахстан, город Алматы, Медеуский район, пр. Нұрсұлтан Назарбаев, 50.
БИН 061240001583, Кбе 15
ИИК KZ 209 491 100 000 142 131
АО «Altyn Bank» (ДБ China Citic Bank Corporation limited)
БИК ATYNKZKA
тел: +7 (727) 331 7474
НДС серия 60001, № 1193339 от 16.05.2017 г.
Сізге KMF Банктің жаңа мүмкіндіктерін қуана ұсынамыз!
Байланыс орталығы: 7474